Тараз қаласында облыстық семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жағдайы талқыланғаны туралы
Формирование антикоррупционной культуры обсудили на областном семинаре в Таразе 27.06.2018

Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.

Семинар жұмысына «Нұр Отан»  партиясының  Тараз қалалық филиалының, Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департ аментінің өкілдері, сонымен қатар Филиал  мамандары қатысты. 

Іс – шара барысында Нұр Отан»  партиясының  Тараз қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясаттың басымды маңызды бағыты екенін атап өтіп, Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тоғызыншы міндеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екені анық көрсетілген. 

Сонымен қатар семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бойынша 2018 жылға арналған  Іс – шаралар жоспарының орындалу барысын талқылап, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу,  заңбұзушылық жағдайларындағы әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік заңнамаларының талаптарымен танысты. 

Жалпы қатысушылар ұсынылған Іс – шаралар жоспарының жобасын жоғары бағалап және Стратегияны жүзеге асыруға ынтымақтастық көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. 

Жиын соңында А. Асқарбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде жемісті еңбектенгендері үшін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне Құрмет грамоталарын табыстады.