ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.
В Комитете охраны общественного здоровья МЗ РК прошел семинар по формированию антикоррупционной культуры. 26.10.2017

Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК болды.

Семинарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшин, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментінің өкілдері, Астана қаласы бойынша «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы» РҚБ, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы мен блогерлер Альянсы қатысты

Кездесу барысында Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің бастығы Тілеген Қаскин мемлекетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы, мемлекеттік қызметшілердің пара беру немесе шартпен қарастырылмаған қызмет көрсету кезіндегі мінез-құлық үлгісі туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - әрбір азаматтың міндеті деп атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғышарттарды жоюға бағытталған мемлекеттің бағдарламалық маңызды құжаты 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдау болды.

Осы құжатты іске асыру аясында Ұлттық сараптау орталығы өз тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады.

Ұлттық сараптама орталықтарының филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидаты әрекет етеді, 2016 жылдың 2-ші жартысында және 2017 жылдың 9 айында біздің қызметкерлеріміз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамады», - деп атап өтті  ҰСО бас директоры Қанат Балыкбаев.

Бұдан басқа, тұрақты негізде халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, ҰСО қызметіне халықтың сенімін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жемқорлыққа қарсы ведомстволардың екіжақты ынтымақтастығын дамытуды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

ҚР ДСМ «Ұлттық

сараптама орталығы» ШЖҚ РМК