Loader icon жүктеу
ҚАРБЫЗДЫҢ ДӘМІН ТАТТЫҢЫЗ БА?
ИМЕЕТ ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНОЕ ПРАВИТЕЛЬСТВО? 01.08.2019

Бүгінде базарларда, жол бойында қауын-қарбыздың саудасы қызып тұр. Алайда уақытынан ерте піскен бау-бақша өнімдерін тұтынудың қаншалықты қауіпті екенін ескере бермейміз. 

Жеміс-жидек пісіп, жұлынып, ауызға түсер шақта одан уланғандар қатары көбейері мәлім. Біз де жаз мезгілінің алғашқы айларында саудаға енген бау-бақша өнімдерінің адам азғасына қандай әсері бар деген сауалға жауап іздеп көрдік.

Маусым айының ортасынан бастап ашық сауда базарлары мен жол жиегінде, мөлтек аудандардағы көше бойында қарбыз-қауын саудасы қыза түсті. Дәмін татуға асыққандар сатып алып жатыр. Алайда тұрғындар мұның қауіпті екенін ескергені жөн. Өйткені, ерте піскен өнімнің құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс көп. Қарбыз-қауынның нағыз пісетін кезеңі – шілде айының соңы мен тамыздың басы.

Қарбыз бен қауынды таңдау кезінде қателеспес үшін заңсыз ұйымдастырылған базарлардан сауда жасамаған абзал. Бұл орындарда санитарлық талаптар орындалмайды. Ерте піскен өнімді арнайы дүкендер мен сауда орындарынан таңдап алған дұрыс. Жол бойында сатылатын қауын-қарбызды жесеңіз, жедел ішек ауруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Өйткені,  автокөлік құрамында болатын ауыр металдар жеміске тез тарайды.

Негізгі талап бойынша нитрат мөлшері қауында – 90 мг/кг, қарбызда – 60 мг/кг аспауы тиіс. Мөлшерден тыс артуы улану, бауыр мен бүйректің бұзылуына, жүйке мен жүрек-қан тамыр ауруларына себеп болады.

Жазғы маусымда кәсіпкерлер өндірістік бақылауды күшейту керек. Арада сатып алушылармен кері байланыс орнауы қажет. Өзін-өзі бақылау арқылы өнімнің сапасын анықтай алады. Бұл кәсіпкер үшінде оңтайлы болары анық. Егер нақты улану оқиғасы тіркелген жағдайда шағым жазылып, қатаң түрде жазалау шараларын жүргізеді.

Қалалық жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының санитарлық-эпидемиялогиялық қызметі дәрігері Мәлік Тұрмановтың айтуынша, жаз айларында улану оқиғасы көп тіркеледі.  Бұл уақытта алдымен науқастың асқазанын шаю керек.  Белсендірілген көмірді, интоксация симптомдарын басу үшін 2-3 драже С витаминін қабыдаған дұрыс. Жедел ішек инфекцияларының алдын алу үшін бау-бақша өнімдерінің сапасы мен сақталуына ерекше назар аудару керек.

Қазір орталық «Мирлан» базарында қауын-қарбыз саудасы өрбуде. Қарбыздың 1 келісінің бағасы – 100-120 теңге, ал қауынның келісі – 300-350 теңге тұрады. Әзірге өңіріміздің бау-бақшасынан піскен өнімдер жоқтың қасы. Сатушылардың мәліметінше, бізге қарбыз-қауын еліміздің оңтүстігінен тасымалданып жатыр екен.

Қазақ «ауру – астан» деп бекер айтпаса керек-ті. Дәл осы мезгілде жаздық бақша өнімдерінен уланудан сақ болайық.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге