Қазақстанда пандемия қорының жобасы іске қосылды
В Казахстане стартовал проект Пандемического фонда 19.02.2024

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежізілік банктің қолдауымен Қазақстандағы Пандемиялық қор жобасының тұсаукесерін өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты-елдің әлеуетін жетілдіру және болашақта болуы мүмкін пандемияға қарсы іс-қимылға дайындықты күшейту.

2023 жылы Пандемиялық қор басқарушыларының Кеңесі Қазақстанды қоса алғанда, 36 елде келешек пандемияларға төзімділікті арттыруға бағытталған гранттардың бөлінуін мақұлдаған.

Грант Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі, әсіресе, эпидемиологиялық қадағалау, соның ішінде ерте анықтау мен жауап беру, зертханалық қауіпсіздік, сондай-ақ кадрлар оқытып-үйрету саласындағы ең зор маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жоба.

Ұлттық сараптама орталығы елдік өтінім шеңберінде басқа медициналық ұйымдармен қатар осы жобаға кірді.

Жобаны іске асыру 2024-2026 жылдарға жоспарланған. Үлгілерді жіберу және биоүлгілерді тасымалдау жүйесін жақсарту мақсатында ҰСО облыстық және қалалық филиалдарын жарақтандыру үшін GPS-навигациясы бар мамандандырылған автокөлікті және зертханалық жабдықты сатып алу жоспарлануда.

Бұдан басқа, грант шеңберінде зертханалық қызметтің кадрлық әлеуетін күшейту үшін зертханалық практика үшін мамандандырылған халықаралық критерийлерге жауап беретін халықаралық орталық базасында оқыту жоспарланған.

Сурет галереясы