Алматыдағы ҰКП филиалында ПТР зертханасы ашылды
В Филиале НЦЭ г. Алматы открылась ПЦР лаборатория 02.02.2018

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалында полимеразды тізбекті реакцияның (ПТР) зерттеу әдісі бойынша зертхананың құрылысы аяқталды. Зертхана халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды.

Осы уақытқа дейін салада жануарлардың ДНҚ-сын және өсімдіктердің ГМО-сын анықтау бойынша барлық зерттеулер кесте бойынша аптасына бір рет вирусологиялық зертханада жүргізілді.

Зертхананың пайдалануға берілуіне байланысты лаборанттар күнделікті қажетті зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік алды, бұл ғылыми зерттеулердің көлемін, сәйкесінше бюджеттің кіріс бөлігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

ПТР әдісі ең дәл диагностикалық әдістердің бірі болып табылады. Оны жасағаны үшін 1993 жылы ғалым Кари Муллис Нобель сыйлығын алды. Бүгінгі күні бұл әдіс тәжірибелік деп саналса да, ол қазірдің өзінде медицинада кеңінен және сәтті қолданылады.

ПТР әдісінің диагностикалық мүмкіндіктері орасан зор, оны әртүрлі инфекцияларды анықтау үшін пайдалануға болады. Көбінесе ПТР әдісі диагноз қою үшін қолданылады: АҚТҚ, герпес, әртүрлі жыныстық инфекциялар, атап айтқанда хламидиоз, уреаплазмоз, гарднереллез, микоплазмоз және трихомониаз, сондай-ақ кандидоз, гепатит, туберкулез, адам папилломавирусы және т.б. Бұл толық тізім емес, ПТР талдау әдісі медицинаның әртүрлі салаларында қолданылады.