Денсаулық сақтау министрлігінде Алматы бассейндеріндегі менингит туралы қауесетке түсінік берді
Слухи о менингите в алматинских бассейнах прокомментировали в Минздраве 12.06.2017

ҚР ДСМ мәліметінше, елде менингококтық жұқпамен ауыру жиілігі жыл сайын төмендеуде. Егер 2015 жылы 424 жағдай тіркелген болса, 2016 жылы ауыру 120 жағдайға дейін азайды (3,6 есе азайды). Биылғы жылдың бес айында Алматы қаласында менингококтық жұқпа жағдайлары тіркелмеген.

"2017 жылғы бес айдың ішінде ҚР менингококтық жұқпасының 15 тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есеге азайған. Соның қатар Алматыда 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда бұл аурудың көрсеткіші төрт есеге азайып, 16 жағдайды (2015 жылы - 66 жағдай) құрады, ал осы жылдың бес айында менингококтық жұқпа тіркелмеген", - деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ, 2015 жылы қауіпті менингиттің 390 жағдайы (энтеровируспен туындайтын), 2016 жылы 444 және 2017 жылы бес айда 30 оқиға тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға азайды. Сонымен қатар 2015 жылы Алматы қаласы - 31, 2016 жылы - 104, ал 2017 жылы бес айында - сегіз оқиға тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 есе аз.

Дәрігерлер түсіндіргендей, менингит – бас миының жұмсақ қабығының зақымдануымен сипатталатын және түрлі бактериялармен (менингококтық жұқпасы, іріңді менингит) және вирустермен (энтервирустармен туындайтын қатерлі менингит) туындайтын ауыру. Менингококтық жұқпа ауа-тамшылы жолмен жұғады (жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде). Энтеровирусты жұқпалардың берілуі фекаль-ауыз (су, тамақ, пациентпен немесе тасымалдаушымен тығыз байланыста болған кезде) және ауа-тамшылы жолдары (түшкіру, жөтел) кезінде орын алады. Ауру аса қауіпті сипатта - бұл маусымдық сипатта, көктем-жазғы және жазғы-күзгі кезеңдерде пайда болады. Жұқпа су, азық – түлік өнімдерімен, науқастың нәжісімен, жөтелу және түшкіру кезінде сілекей мен қақырықты ең аз тамшылары арқылы жұғады. Көбіне жұқпа ашық суда жүзу кезінде жұғады.

Энтеровирустар сыртқы ортада тұрақты болып табылады: олар төмен температураға төзімді (олар тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады), су құбырларының суында 18 күнге дейін, өзен суларында – шамамен бір ай, тазартылған ағынды суда - екі айға дейін сақталады, және сондай-ақ ұзақ уақыт тұрмыстық заттар, азық – түлік өнімдерінде ұзақ уақыт бойы (сүт, жемістер, көкөністер) сақталады. Виру қыздыру, қайнату, құрамында хлоры бар препараттардың әсері, ультракүлгін сәулеленуге ұшыраған кезде тез өледі

"Егер тазалау, дезинфекциялау, суды бөлу бассейндерге бару ережелері сақталған болса, адамдар үшін қауіпті емес", - деп хабарлады ведомствода.

Менингококтық жұқпаның алдын алу бойынша негізгі шаралар:

- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, ауыр зардаптарға жол бермеу үшін медициналық көмекке жүгіну керек, өзін өзі емдеуге болмайды;

- адамдар көп жиналатын жерге барудан аулақ болу керек;

- науқастанбау және басқаларға жұқтырмау үшін, өткір және созылмалы фарингит, тонзиллит, ларингит жұтқыншақ ауруларын уақтылы емдеу қажет;

- витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану, спортпен айналысу, ағзаны шынықтыру иммунитетті арттыруға ықпал етеді.

Энтеровирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шаралар кез-келген өткір ішек инфекциясындағы сияқты:

- ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз;

- үнемі тамақтанар алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін қатаң сақтау;

- жемістер мен көкөністерді қолданар алдында оларды щеткамен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю керек;

- ресми түрде рұқсат етілген жерлерде ғана жүзіп, жүзу кезінде суды жұтып қоймаңыз;  

- жеке тұлғалардан және саудаға арналмаған жерлерден өнімді сатып алмаңыз;

- ағзаны шынықтыру вирустар мен бактериялардан қорғау функцияларын жақсартуға көмектеседі

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/sluhi-meningite-almatinskih-basseynah-prokommentirovali-320087...