Ұлттық сараптама орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-кеңес өтті, оған Кәсіпорынның Басқарма Төрағасы Ерлан Киясов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өкілдері, сондай-ақ Кәсіпорын филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған оқыту бейнематериалдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен нормаларды сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Сыбайлас жемқорлық терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуімен қатар ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бұл құбылысқа қарсы күрес Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше бақылауында. Сыбайлас жемқорлықты тиімді жою өмірдің барлық салаларына, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруға оң әсер етеді.
Ерлан Киясов Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілерін, сондай-ақ Кәсіпорынның ішкі регламенттерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол филиалдардың барлық басшылары мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды ұстануға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға белсенді ықпал етуге шақырды.