ҰСО-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті
Расширенная коллегия по итогам 2022 года состоялась в НЦЭ 10.02.2023

Бүгін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Шара барысында өткен жылдың қорытындысы жасалып, ағымдағы жылдың жоспарлары талқыланды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары, сондай-ақ ҰСО филиалдарының басшылары қатысты.

Жиында Айжан Есмағамбетова Ұлттық сараптама орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сала үшін маңыздылығын, зертханалық қызметсіз санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау жүргізілмейтінін атап өтті.

«Сіздер зерттеу жұмыстарын тікелей жүргізіп, күнделікті түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетіндіктен аймақтарда қандай сұрақтар мен мәселелер бар, филиал басшылары қандай шешім ұсынатынын талқылағым келеді», - деп ұсыныс білдірді вице-министр.

Отырыс барысында Ұлттық сараптама орталығының 2029 жылға дейінгі даму стратегиясы қаралды. Оның аясында ҰСО Басқарма Төрағасы Ерлан Қиясов атап өткендей, материалдық-техникалық базаны кезең-кезеңімен жаңарту, кадрлық әлеуетті нығайту және ақпараттық технологияларды енгізу бағдарламасы әзірленетін болады.

Бұдан кейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – ҰСО Басқарма мүшесі Сәдуақас Байғабұловтың 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндамасы тыңдалды. Сәдуақас Байғабұлов мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, зерттеудің жаңа әдістерін игеру мәселелерін, проблемалық аспектілерді атап өтті.

Сондай-ақ, ҰСО филиалдары басшыларының баяндамалары тыңдалды, әрбір басшы филиал қызметін жақсарту үшін міндеттерді ұсына отырып, жұмыс қорытындыларын ұсынды және өңірлік проблемаларды атап өтті.

Жиын соңында алқа мүшелері бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, 2023 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындады.

Сонымен қатар, дәстүрлі түрде жылдың үздік филиалын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жолы үздік филиал атауына Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰСО дезинфекциялық орталығы ие болды.

Марапаттау барысында вице-министр қызметкерлерге халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңе сәттілік тіледі.

Сурет галереясы