ҰСО-да зертханалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды
Противодействие коррупции в сфере лабораторной службы обсудили в НЦЭ 30.06.2021

2021 жылғы 30 маусымда ҚР ДСМ СЭБК Ұлттық сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Ұлттық сараптама орталығында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оларды болдырмау немесе жою мақсатында қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылады.

Іс-шара барысында ҰСО Бас директоры Қанат Балықбаев сыбайлас жемқорлықпен үкімет қана емес, қоғам да күресуі тиіс деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол өзінің әріптестеріне қатаң тәртіпті сақтау және әрқайсысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуді бастау туралы өтінішпен жүгінді.

Жиынның қорытындысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының барлық филиалдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, филиал қызметкерлерінің еңбек тәртібін және меритократия қағидаттарын сақтауы бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.