Солтүстік Қазақстан облысының дезинфекторлары 2019 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды
14.02.2020

«Дезинфекция орталығы» Ұлттық сараптама орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында жыл сайынғы кеңес өтті, онда өткен жылғы қызметтің қорытындылары талқыланды.

Қорытынды кеңесте филиал мамандары мен аудандық деңгейдегі дезинфекторлар қатысты.

Кездесу барысында филиал директорының орынбасары Жұлдызбек Жамантаев жыл қорытындысы бойынша есеп берді.

Жұлдызбек Жамантаевтың айтуынша, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында дезинфекция орталығының мамандары 350 000-нан астам дезинфекция қызметін жүргізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, камералы дезинфекция әдісімен 10 000 кг-нан астам төсек-орын жабдықтар мен киімдер, оның ішінде 1500 кг-нан астам жылжымалы автодезкамерада өңделген.

«Жылжымалы автодезкамераның жұмысы нәтижесінде облыс аудандарында ошақтарды камералық дезинфекциямен қамтудың оң динамикасы (10% - ға) байқалды», - деп атап өтті Ж. Жамантаев.

Сондай-ақ мамандардың назарын Орталықтың күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға аударды.

Филиал директоры Петр Петушков мәлімдегендей, жыл бойы Орталық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және олардың пайда болу мүмкіндігін жою бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Осы бағыттағы жұмыс алдағы жылы да жалғасатын болады.

Жыл сайынғы кеңесті қорытындылай келе, дезинфекторлар 2020 жылға жұқпалы аурулар ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс жоспарын талқылады.