жүктеу
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУІШ ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ГИГИЕНИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ЭНЕРГОСБЕРЕГАЮЩЕГО ОСВЕЩЕНИЯ 01.08.2019

Күн сайын, біз жасанды энергия үнемдеуіш жарықтандыруды пайдаланамыз, бірақ бәрі неден басталғанын және бұл қалай жұмыс істейтінін ешкім ойланған емес. Ресми түрде бірінші люминесцентті (ЛЛ) немесе оны тағы флуоресценттік шам деп атайды, өткен ғасырдың басында АҚШ-тың инженер-өнертапқышы Питер Купер Хьюит ойлап тапқан, алайда бұл шамдардың шығаратын сәулесі көкшіл-жасыл, көз үшін жағымсыз болған. Сондықтан, алғашқы сынап шамдарын суретке түсірушілер ғана қолданған және олар кеңінен қолданылмады.

Люминесцентті шам жүзінде оның қазіргі түрінде Эдмунд Гермер басқарған неміс өнертапқыштар тобымен шығарылған. Шамның ішкі жағынан шыны бетіне сынап шамының ультракүлгін жарық түсін көзге жағымды ақ түске өзгертетін флуоресценттеуші жабын жағу дәл соның идеясы болған.

Люминесцентті шамның шыны сауытының бетіне жоғарыда айтылғандай, люминофор қабаты жағылған, оған 60% - дан астам сынапты разряд энергиясы жұмсалады. Әр түрлі люминофор (кальций вольфраммиті – көк немесе көгілдір-ақ, кадмий бораты – алқызыл-қызыл, мырыш – бериллий силикат – қызғылт сары және т. б.) талап етілетін түрлі-түсті сәулесіне байланысты іріктеледі.

ЛЛ-дың негізгі техникалық сипаттамаларына мыналар жатады:

  • қуаты;
  • жарық ағыны;
  • түр-түстік температурасы.

Қуат – ол жарықтандыру үшін энергия үнемдейтін шамдарды таңдау барысындағы маңызды көрсеткіш. Өзінің энергия тиімділігіне орай олар қызу шамына қарағанда 80% - ға жоғары жарық ағының өткізуге қабілетті. Сонымен, қуаты 75 Вт қызу шамын қуаты 15 Вт энергия үнемдеуіш шамымен ауыстыруға болады.

Люменмен өлшенетін жарық ағыны, үй-жайда қаншалықты жарық болатынын, яғни шам қанша жарық сыртқа «өткізетінін" білдіреді,

Түр-түстік температура шамның тұр-түстік көрсеткіші, яғни біз көріп тұрған түс реңкі болып табылады. Энергия үнемдеуіш шамдар сәулелену температурасына байланысты үш түрлі жарық сәулесін бөлуі мүмкін: жылы сәулеленудің температурасы Кельвин бойынша (6127⁰С) 2700 градус, онда көзбен көру қажеттілігі жоқ; күндізгі жарық - 4200К (3927⁰С) - бұл жарық көзі табиғи жарықта аса жақын; суық -Кельвин бойынша (6127⁰С ) - 6400 градус, суық - ұзақ уақыт көру зейінін талап етілетін үй-жайларда пайдаланылады.

Жарықтандыру қондырғылары адамның қоршаған әлемнен алатын 90% - ға жуық ақпаратты көзбен шолуды қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды.

Сапалы жарықтандыру өндірістік қызметке, оқуға, демалуға қолайлы жағдайлар жасайды. Үй-жайдың немесе жеке жұмыс орнын жай ғана жарықтандыру емес, маңыздысы орындалатын жұмыс сипатына сай келетін жарық болуын қамтамасыз ету. Жеткіліксіз жарықтандыру жұмыс қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін төмендетеді, көздің шаршауына, алыстан көрмеушіліктің дамуына, өндірістік жарақаттанудың көбейуіне, көшелерде және алыс жолдағы көлік апаттарының болуына ықпал етеді.

Сонымен, профессор Фриц Холвих (1909-1991жж) - неміс дәрігер-офтальмологы, офтальмология профессоры және офтальмологиялық клиниканың директоры өзінің докторлық диссертациясында көру аппаратының көру және энергетикалық функциясын ажыратады. Оның пікірінше, түсетін жарықтың төрттен үш бөлігі энергетикалық функцияны және тек төрттен бірі – көру функциясын орындайды. Энергетикалық құраушысы ағзадағы гормондар мен басқа да заттар деңгейін өлшеу арқылы расталады. Операциядан кейін көз көруі оралған соқырлар көрсеткіштерінің өзгеруіне, профессор өмірлік тонустың жоғарлауын және заттардың ағзадағы табиғи деңгейінің қалпына келуін негіздейді. Мұның бәрі ағзаға түскен жарықтың әсері деп келтірген. Ол өзінің қабылдау бөлмесінде люминисцентті күндізгі жарық шамдарын орнатқаннан кейін, өз пациенттерінің жағдайын бақылап, күйзеліс гормоны деңгейінің төмендегенін байқаған.

Доктор Джон Отт (1909-2000жж), американдық фотограф және ғалым, кейбір өсімдіктердің жылы люминесцентті жарық астында гүлдемей, солып қалатынын байқаған. Бұл жарық сапасының тірі организмдерге әсерін зерттеуге ықпал етті. Джон Отт белгілі бір түс компоненттері жоқ жасанды жарықтың өсімдіктер мен жануарларға келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін деген тұжырымға келді. Ғалым жылы жарықта әлсіз болатын көк компонентке ерекше мән берді. Ол күндізгі жарыққа ұқсас жасанды жарықты қолдану әрекеті мектептегі балалардың мазасыздығын азайтады, тіпті тұтқындардың агрессивтілігін төмендетеді деп сендіреді. Осылайша, Джон Отт ағзаны басқаратын және адамның психикасына әсер ететін гормоналды жүйеге әртүрлі жарық түрлерінің әсерін көрсетеді.

Осылайша, электрлік жарықтандырудың рөлі, оның ішінде оны қолдану тиімділігі тұрғысынан да, одан әрі күшейтіледі. Жарық қондырғыларын сапалы орнату және пайдалану еңбек өнімділігін орта есеппен 10% арттыруға, көздің көруін сақтауға, шаршауды азайтуға мүмкіндік беретіні белгілі. Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, монтаж цехтарындағы жарықтандырудың 200-ден 800 люкске дейін жоғарылауы еңбек өнімділігін 7,8% арттырады. Бұл ретте жарықтандыру жеткіліксіз болған кезде өндірістік жарақат саны өседі, еңбек өнімділігі мен өнім сапасы күрт төмендейді, сонымен бірге жұмысшылардың шаршап қалуына әкеледі.

Алайда, дәстүрлі құбырлы LL «микро-импульсті» жарық тудырады, өйткені шам секундына 100 рет сөніп, қайта жанады. Бұл жиілік көз үшін сыни межесінен өте жоғары болғандықтан, жарықтандырылған нысандардың жыпылықтауы байқалмайды, ұзақ әсер ету кезінде жарықтың пульсациясы шаршаудың жоғарылауына және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Жасанды жарық көздері ағзаның көзбен көрмеу жүйесінің қызметін оңтайландыру үшін де қолданылады. Көздің көрінетін түсі адамның циркадиялық (тәулікті) биоритмін реттеуші ретінде қолданылады. Адам ағзасының биоритмдерінің табиғи реттегіші - күн сәулесі болып табылады.

Жарыққа әсер ету нәтижесі оның спектрлік құрамына байланысты. Жарықтың көз торының рецепторларына әсері дамыл гормоны деп аталатын мелатонин гормонының секрециясын төмендетеді. Мелатонин - бұл серотонин туындыларының бірі, сонымен бірлесіп мызғымау және ұйқының ауысуын реттейді. Антиоксидант ретінде мелатонин бос радикалдардың зиянды әсерін азайтады, иммундық жүйені ынталандырады, қан қысымын төмендетеді, стресс гормондарының синтезіне жол бермейді, ағзаның биоритмдерін тұрақтандырады. Белгілі болғандай, мелатониннің тежелу шыңы 460 нм толқын ұзындығында, яғни спектрдің көгілдір диапазонында, қызыл диапазонда сәулелену кезінде мелатониннің шығарылуы басылмайды, шаршаудың субъективті сезімі – шаршағандық пайда болады.

Табиғи жарықтандыру қолжетімсіз немесе жеткіліксіз болған бөлмелерде биоритмді жасанды түрде реттеу үшін жұмыс күндері адам биоритмдеріне сәйкес жарық көздерінің деңгейі мен спектрлік құрамын өзгерту ұсынылады. Сәуленің спектрлік құрамы түс температурасымен анықталады. Жарық көздерінде қолданылатын түс температурасының диапазоны 3000-нан 6000 К-ге дейін. Әр түрлі түсті температурасы бар LL комбинациясын таңдау арқылы биоритмдерге сәйкес келетін жабық кеңістікті оптималды спектрде жарықтандыруды қамтамасыз етуге болады.

Осылайша, дененің визуалды емес жүйесі туралы білім негізінде, кешке және түнде мелатонин секрециясына кедергі жасамайтын, шаршауды төмендететін, адамдардың назарының шоғырлануын арттыратын, жоғары өнімділікті сақтап, түнде жұмыс істеу кезінде жарақаттанудың алдын алатын ұтымды жасанды жарықтандырудың кеңістіктік және спектрлік сипаттамаларын біріктіруге немесе таңдауға болады.

Нью-Йорк университетінің Стоуни-Бруктағы зерттеушілері ықшамды люминесцентті лампалардың адам тері жасушаларына тигізетін пайдалы әсерінің нәтижелерін алған осы саладағы басқа зерттеулерді атап өткен жөн.

Денсаулыққа жаңа және қайта анықталған қауіптер бойынша Ғылыми комитеттің (Scientific Committee on Emerging and Newly Identified Health Risks – SCENIHR) зерттеуі энергияны үнемдейтін шамдардың (негізінен КЛЛ) жұмыс істеу кезінде бірнеше аурудың белгілері күшейе алатындығын көрсетті. Комитет шамның ауру белгілерінің бастамашысы бола алатын үш сипаттамасын қарастырды (жылтылдау, электромагниттік өрістер және ультрафиолет), (мысалы, пигменттік ксеродерма, мигрень (бас сақинасы), Ирлен-Мерс синдромы, фибромиалгия, электрлік сезімталдық). Ықшам люминесцентті лампаның барлық қасиеттерінен тек ультрафиолет сәулесі ғана жарық сезімталды белгілердің өршуінің потенциалды тәуекел факторы ретінде анықталған.

Осылайша, оң сәттермен қатар ЛЛ-дің келесі кемшіліктерін анықтауға болады, олар: люминофордың зақымдалған қабаты арқылы ультрафиолетті сәулеленудің әсер етуі, жарық сипаттамасының қоршаған орта температурасына тәуелділігі - олар 5-тен 50 ° C-қа дейінгі температурада жұмыс істейді; жарық ағынының пульсациясы; LL жұмысымен бірге жүретін монотонды шу; стробоскопиялық әсердің болуы.

Бүгінгі таңда жиі қолданылатын энергияны үнемдейтін көздердің тағы бір түрі - жарықдиодты шамдар. Шамдардың осы түрін қолдануға салыстырмалы түрде жақында енгізілгеніне қарамастан, мемлекеттік нормативтерге бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілген, атап айтқанда: жарықдиодты шамдарды қамтитын жарықтандыру құрылғыларын қолдану бойынша ұсыныстар; дәстүрлі қыздыру шамдарын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелерінің негізгі функционалды үй-жайларында энергияны үнемдейтін шамдарға ауыстыру бойынша ұсыныстар. Өнеркәсіптік объектілерде шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру үрдісі байқалады. Бұл LL-ге қарағанда шу мен стробоскопиялық әсердің болмауына байланысты, бұл жұмыс процесінің жағдайында жағымды жақ болып табылады.

Сонымен бірге, жарық көзінің бұл түрі бірқатар оң және теріс қасиеттерге ие.

Қоқыс шығаруға қатысты мәселелердің шешілмегенімен, LL-ге қарағанда, жарықдиодты шамдар экологиялық жағынан қауіпсіз және қоршаған ортаны сақтауға үшін жоюға арнайы шарттарды қажет етпейді: құрамында сынап, оның туындылары және басқа да улы, зиянды немесе қауіпті құрамдас материалдар мен заттар жоқ. Сондай-ақ, экономикалық жағынан, бұдан да төмен қуат тұтыну және 50,000 сағат немесе 5 жылдан асатын шамның ұзақ қызмет ету мерзімі артықшылығы болып табылады, әсіресе ауқымды қызмет салаларында бұл аспект өте маңызды.

Осы ретте, ақ түсті жарықдиодтары адам көз торына қауіп төндіреді, өйткені жоғары қарқындылықтағы жарық көзі өз спектрінде көгілдір жарықтың көп мөлшерін құрайды және жарық көздерінің басқа түрлерінен айырмашылығы, жарық диодты жарықтандыруды пайдалану кезінде көгілдір спектрде алшақтық бар болғандықтан, көк спектрге ұшыраған кезде меланопсин қарашықтың диаметрін азайту сигналын жібермейді, сондықтан көгілдір жарықтың көп бөлігі көздің торына түседі, бұл шамадан тыс көз торының фотохимиялық зақымдалуына әкелуі мүмкін, ал балалар көзбұршағы ересектерге қарағанда екі есе мөлдір болатыны белгілі, сондықтан олар көк спектрдің әсеріне ерекше сезімтал болады.

Жарықтандыру деңгейінің нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы № 169 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 05.31.2017 жылғы № 357 бұйрығымен бекітілген нормативтік құжаттарда сипатталған. Сонымен бірге, егер бұл жұмыс жағдайында орынды болса нормалар жұмыс орындарында жарықтандырудың нормаланған мәндерден асып кетуіне тыйым салмайды. Осылайша, үй-жайлар мен жұмыс орындарын тиімді жарықтандыру ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді және жоғары биологиялық пен әлдендіру әсерлеріне ие.

Үй-жайдағы дұрыс жобаланған және орындалған жарық:
1. көзбен көру жұмысының жағдайларын жақсартады;
2. шаршауды азайтады;
3. орындалатын жұмыстың өнімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді;
4. қызметкердің психологиялық жағдайына жақсы әсер етеді;
5. еңбек қауіпсіздігін арттырады және өндірістік жарақаттануды азайтады.

«Калибрлі сынақ зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/МЭК 17025/2009 талаптарына сай Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген, 50 жылдан астам тәжірибесі бар жетекші сынақ орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және сапа бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалы, Сіздер үшін жарық өлшеу және басқа қажетті өлшемдер, сонымен қатар зертханалық зерттеулер өткізеді.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК
«Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК-ң Қараганды облысы
бойынша филиалының директоры
Хамитов Тулеген Нургалиевич