Калиева Фарида Идрисовна

Соңғы қызметі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

Туған күні: 02.07.1970 ж.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – «Химия» мамандығы, «Химик оқытушы» біліктілігі; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, мамандығы «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономист-бухгалтер» біліктілігі. 2009 жылы академик Т.Шармановтың жетекшілігімен Қазақ тағамтану академиясында гигиена бойынша биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алуға «Күріш өсіру барысында қолданылатын жаңа пестицидтердің қоршаған орта нысандары мен адам ағзасына әсерін гигиеналық бағалау» тақырыбында диссертация қорғаған.

Еңбек өтілі:

1992 ж. Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Санитарлық-гигиеналық зертханасының коммуналдық гигиена бөлімі – дәрігер - -лаборант;

1993 ж. Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының Санитарлық-гигиеналық зертханасының Токсикология бөлімі – дәрігер - -лаборант;

2003 ж. Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы – Директордың орынбасары және сынақ орталығы басшысы.