Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Әкімшілік - шаруашылық жұмыстар бөлімінінің басшысы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Әкімшілік-шаруашылық жұмыстары бөлімінің басшысы босорын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1. Ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау тәртібі мен нормаларына сәйкес тиісті жай-күйін, сонымен қатар жабдықтардың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және өзгелер) жарамдылығына бақылауды қамтамасыз етеді;
2. Негізгі қорларды (ғимараттардың, сумен жабдықтау, ауа құбырларының және өзге де) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметаларын жасауға қатысады;
3. Үй-жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды;
4. Жиһазбен, шаруашылық инвентарьмен, инженерлік пен басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды;
5. Қызмет көрсетуге, кеңсе құралдарын, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдық пен инвентарьды алуға және сақтауға шарттар жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және білгіленген есептіліктің жасалуын ұйымдастырады;
6. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылайды;
қызметтік іссапарға келген делегациялар мен адамдарды тіркеу мен қабылдап алуды және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
7. Ғимараттың сыртын және өтпелі жерлерді мерекелік бейнелі әсемдеу, аумақты жинау мен абаттандыру жұмыстарын басқарады;
8. Өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге де іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Жұмыс күнінің тәртібін және демалыс кестесін құру, түскі үзілістерде жұмыскерлердің түскі үзіліс уақытында ұтымды тамақтануы, табельдік есепке алуды ұйымдастыру жұмыстарын орындайды;
10. Өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өртке қажетті инвентарьды жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
11. Байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды;
12. Бөлім жұмыскерлерін басқарады;
13. Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 24 ақпан сағат 17.30.
Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71