Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыру конкурсына:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік;

не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;

бейіні бойынша тиісті зертханада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогенділігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1. Келіп түскен үлгілерге зертханалық-аспаптық зерттеулердің уақтылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету.

2. Зерттеу номенклатурасы бойынша зертханалық зерттеулер сапасына зертханаішілік және сыртқы бақылау жүргізу бойынша бақылау жүргізу.

3. Биологиялық қорғау және биологиялық қауіпсіздікті сақтау қағидаларына сәйкес патогенділіктің II-IV топтарының қоздырғыштарының қозғалысын, сақталуын және тасымалдануын, зерттелетін материалдарды қауіпсіз зерделеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру.

4. Бекітілген СОП-қа сәйкес белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша, сондай-ақ Мемлекеттік тапсырыстар бойынша зерттеу хаттамаларын беруді қамтамасыз ету.

5. Жұқпалы ауруларды диагностикалауға қатысу.

6. Зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеуді және қолданыстағы әдістерін өзектендіруді, зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді ұйымдастыру.

7. Зертханалық жабдықтар мен зертхана персоналының жұмыс орындарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру және бар кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау.

8. Зертхана персоналының ішкі техникалық оқуын жүзеге асыру.

9. Аса қауіпті инфекциялар зертханасының қызметі бойынша белгіленген тәртіппен статистикалық есептерді ұсыну.

10. Есепке алу-есеп беру құжаттамасын, ОЖ және ТМЗ түгендеуін жүргізу.

11.Қажетті жабдықтарды, шығыс материалдарын сатып алуға өтінімдер мен техникалық ерекшеліктерді жасауға қатысу.

12. Зертхана мамандарының құжаттаманы жүргізуіне бақылауды жүзеге асыру.

13. Зертхана қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

14. Аккредиттеу жөніндегі құжаттарды дайындауды ұйымдастыру және бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және режимдік комиссияның рұқсатын алу үшін құжаттарды жинау.

15. Аса қауіпті инфекциялар зертханасының қызметін талдауды жүзеге асыру, көрсеткіштерді бағалау негізінде жұмыс нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдау.

16. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамау.

17. Пара беру/алу, коммерциялық пара беру сияқты әрекеттерді, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзатын әрекеттерді жүзеге асырмау.

18. Аса қауіпті инфекциялар зертханасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, олардың кәсіби дағдыларын дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

19. Аса қауіпті инфекциялар зертханасының қызметін филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен үйлестіру.

20. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамау.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Ақтөбе көшесі, 47/1 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 26 желтоқсан, сағат 17:30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 50-79-79.