Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Аса қауіпті инфекциялар зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Аса қауіпті инфекциялар зертханасының зертханашысы бос лауазымына орналасуға конкурсына «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасын және кәсіпорынның қызметін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысын ұйымдастыруды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Өзіне жүктелген барлық функцияларды қатаң орындайды.
3. Жұмыс орнын жабдықтайды.
4. Биологиялық, генетикалық, бактериологиялық, серологиялық зерттеулерді уақтылы және білікті жүргізеді.
5. Сынамаларды іріктеуге қатысады, материалды сақтайды және зертханаға жеткізеді. Департаменттің жедел бөлімдерінің, ШҚО бойынша ҚР ДСМ СКК аудандық басқармаларының, облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінің мамандары жеткізетін материалдарды қабылдайды, ілеспе құжаттарды тексереді, сынамаларды тіркеу журналына тіркейді, жеткізілген үлгілерді таңбалауды жүргізеді, бөлінген дақылдарды бастапқы себуді және қайта себуді орындайды.
6. Дербес және дәрігердің басшылығымен зертханалық және жабайы жануарларды жұқтыруды, ашуды және материалдарын іріктеуді жүргізеді. Дәрігермен бірге аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды диагностикалау бойынша зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге тікелей қатысады.
7. Микроскопияға арналған препараттарды дайындайды, жағындыларды бояады.
8. Негізгі ерітінділерді, реагенттер мен реактивтерді, қоректік ортаны, бояуларды, ерітінділерді дайындайды. Диагностикалық препараттардың, сарысулардың, химиялық реактивтердің есебін жүргізеді, олардың жарамдылық мерзімін қадағалайды.
9, Пайдаланылған, жұқтырылған материалды залалсыздандыруды жүргізеді.
10. Зертханалық жабдықтармен және аппаратурамен жұмыс істеу әдістемесін меңгерген.
11. Зертханада эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелерін ұстанады.
12, Медициналық құжаттаманы жүргізеді.
13. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
14. Өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіреді.
15. Препараторлардың жұмысын бақылайды, оларды ыдыстарды дұрыс өңдеуге және толтыруға және дезрежим талаптарын орындауға үйретеді.
16. Шығыс материалдарын, реактивтерді және т.б. үнемді жұмсау бойынша шаралар қабылдайды.
17. БК индикациясы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын, оқу-жаттығуларды дайындауға және өткізуге қатысады.
18. Дәрігермен бірлесіп ИҚҰ зертханасы және облыс бойынша айлық, тоқсандық, жылдық, жиынтық есептерді дайындауға қатысады.
19. Медициналық этиканың және жалпы моральдық-этикалық нормалардың, ішкі тәртіп ережелерінің және зертханадағы еңбек тәртібінің талаптарын сақтайды.
20. Ішкі тәртіп, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды және зертхананың регламенттелген жұмыс режимін сақтайды.
21. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жыл 11 шілде, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61