Біліктілік талаптары:
Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман қаржы-шаруашылық бөлімі бекітетін даму жоспары негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге және құруға қатысады.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу рәсімін жүзеге асыру кезінде маман «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сүйенеді. Сондай-ақ маман бұйрықтар мен нұсқауларды, мемлекеттік сатып алу ұйымының ішкі нормативтік құжаттарын және ол орналасқан бөлімшенің лауазымын, басқаша айтқанда, лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылдың 1 желтоқсаны, сағат 18.00.
Анықтама телефондары бойынша: 8 (7182) 22-45-77.