Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналастыруға арналған конкурсына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмай жоғары арнаулы білімі немесе орта арнаулы білімі және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды ( оның ішінде веб-сайтты) жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден сатып алу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды әзірлеуге және жасасуға қатысады. 3) Бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады.
4) Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын, келіп түсетін тауарлардың және материалдық ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерінің саны мен сапасын бақылауды жүзеге асырады.
5) Өнім берушілер мен орындаушыларға шарттық міндеттемелерді бұзған кезде олардың талаптары бойынша материалдар дайындайды.
6) Жасалған шарттардың талаптарын өзгертуді жеткізушілермен келіседі.
7) Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасайды.
8) Бюджетте анықталған ескертулер болған жағдайда бюджетке және тиісінше мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, түзетулер енгізу мақсатында оларды бөлім экономистерінің назарына жеткізеді.
9) Сатып алынатын өнімге, көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға баға мониторингін жүргізеді.
10) Келесі қаржы жылына арналған бюджет жобасын әзірлеуге қатысады.
11) Баға прейскурантын әзірлеуге қатысады.
12) Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықты ресімдейді және шығарады және оның орындалуын бақылайды.
13) Ақпараттық қауіпсіздік пен биоқауіпсіздік және биоқауіпсіздік жүйесінің талаптарын сақтауға міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін), Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 26 мамыр, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61.