Loader icon жүктеу
Стратегия

Стратегия

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Орталық негізгі орталық аппаратынан және 20 филиалдан құралады, оның ішінде:

  • 14 облыстық және 2 Алматы және Нур-Султан қалалары бойынша;
  • 25 қалалық филиал бөлімшелері;
  • 158 аудандық филиал бөлімшелері;
  • 5 дезинфекция орталығы: Шымкент, Орал, Петропавл және Алматы қалаларында.

Бүгінгі таңда ҰСО келесі құрылымдар жұмыс жасайды:

  • Электромагниттік өрістер және басқа да физикалық факторлар бөлімдері бар, полимер материалдар және басқа да химиялық заттар токсикологиясы, пестицидтер мен улы химикаттар токсикологиясы, тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, өнеркәсіптік гигиена, физикалық-химиялық зерттеу әдістері  санитарлық-гигиеналық зертханалары;
  • Паразитология бөлімшесі бар бактериологиялық зертхана;
  • Вирусологиялық зертхана;
  • Радиологиялық зертхана;
  • Аса қауіпті жұқпалар зертханасы;
  • Дезинфекциялық бөлім.

ҰСО миссиясы

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бола отырып, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында біз халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы және қажетті қызметтерді ұсынамыз.

Болжам

Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға, қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған.

Әлеуметтік жауапкершілік

Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады.

Кәсібилік

Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге

Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный центр экспертизы» Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан осуществляет деятельность в области обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения. НЦЭ представляет собой систему с широкой филиальной сетью, которая охватывает всю территорию Республики Казахстан. Центр состоит из центрального аппарата и 20 филиалов из которых:

На сегодня в НЦЭ функционируют следующие структуры:

Миссия НЦЭ

Являясь службой общественного здравоохранения, в целях улучшения здоровья и качества жизни граждан, а также дальнейшего развития системы здравоохранения мы проводим качественные, востребованные услуги соответствующие международным стандартам.

Видение

Наш центр нацелен на постоянное совершенствование санитарно-эпидемиологической экспертизы, сокращение сроков проведения исследований, обеспечение точных и надежных результатов для нужд общественного здравоохранения, а также обеспечение своевременности противоэпидемических и профилактических мероприятий.

Социальная ответственность

Центр стремится обеспечить безопасность жизни и здоровья труда для населения.

Профессионализм

Центр стремится к повышению профессионализма своих сотрудников, обеспечивая необходимые условия труда.