жүктеу
Дүниежүзілік Безгекке қарсы күрес күні
Всемирный День борьбы с малярией 05.05.2016

Семинар өткізу барысында безгектің қазіргі эпидемиологиялық жағдайы, маляриологияның өзекті мәселелері және безгектің алдың алу шаралары туралы мәселелер сипатталып, баяндалды.

Аудандық және қалалық орталықтарының бактериологиялық зертханаларынан келген зертханашы-паразитологтары үшін, теориялық толықтырудан басқа тәжірибелік жаттығулар ретінде безгек паразитіне алынған жағындылар қаралып, олардың  түрлері бойынша бөлінуін анықтау тәсілдері көрсетілді.

2016 жылдың 25 сәуірінде дүниежүзілік жұртшылық  оныншы рет Дуниежүзілік Безгекке  қарсы күрес күнін (WorldMalariaDay) атап өтті. Ұраны - «Endmalariaforgood» − «Ел саулығы үшін безгекті жою».

Дуниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  бағалауы бойынша 3,2 миллиард адамның (дүние жүзіндегі халықтың жартысына жуық) безгек ауруын жұқтырып алу қаупі бар.

Дуниежүзілік Безгекке қарсы күрес күнін атаудың аса маңызды мақсаты – бір ел болып, барлық адамдарды безгек ауруымен күресуге жұмылдыру, соның ішінде эндемиялық елдерде безгекке қарсы жүргізілетін іс-шараларды қолдау, қаржыландырудың жаңа көздерін тауып қатыстыруға, ғылыми зерттеу аясын кеңейтуге және ғылыми жұмыс арқылы қол жеткізген нәтижелерді тез арада жүзеге асыруға жағдай жасау.

Дүние жүзіндегі безгектің таралмауына себептесудің негізгі факторлары ретінде халықтың (саяхатшылардың, маусымдық жұмысшылардың, алыпсатарлардың) интенсивті көші қоны, безгек масасының инсектицидтерге және безгекті плазмодийлердің дәрі-дәрмектерге бейімделуі болып табылады.

Қазіргі күні Қазақстанда негізінде безгекті алыс шетелден жұқтырып келгендер арасынан  бірлі-жарым жағдайлары ғана тіркелген. Ал аурудың жергілікті оқиғасы  11 жыл бұрын тіркелген. Республика аумағында безгекті элиминациялау  бойынша тиімді іс-шаралар қолдануда, оның ішінде үш күндік жергілікті безгектің туындауын алдын алу, фенологиялық қадағалау және масаға қарсы тиісті шаралар қолдану, безгекті зертханалық диагностикалау сапасын жақсарту және де тропикалық безгектің өлімге әкеп соқтыруынан алдын ала сақтандыру шаралары ұйымдастырылуда.

Безгектің жергілікті таралуын болдырмау үшін профилактикалық іс-шаралар кешені іске асырылады, ол: белгіленген контингентті тексеру, кадрларды даярлау, безгекті жұқтырушыны энтомологиялық бақылау мониторингін жүргізу, масаларды  жою үшін  өңдеу шараларын өткізу, халық  арасында санитариялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.