жүктеу
Басты мақсат – аурулардың алдын алу
Басты мақсат – аурулардың  алдын алу 24.05.2019

Халықтың денсаулығының  жақсы болуы көп жағдайда өздері тұтынатын  өнімдердің,  қоршаған  ортаның  таза болуына байланысты. Осы орайдан келгенде  Алматы қаласында  халық денсаулығының бұзылуына және  олардың  сапалы өнімдерінің тұтынуына мүдделі – Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы жүзеге асырады.  Ауруларды алдын алу жалпы аурушаңдықты төмендетуде маңызды рөл атқарып отырған осындай іргелі мекеме, 1991 жылдан бері клиникалық ауруларға қарсы сараптама жүргізетін, өнім өндіретін, жұмыстар жасайтын қызмет түрлері мен шаруашылық нысандарының іске асыратын  іс-қимылдары мен басқа да санитарлық ережелерде көрсетілген гигиеналық нормативтердің дұрыс орындалу талаптарын анықтап, Кедендік Одақтың техникалық стандартына сай жұмыс жүргізеді. Филиал зертханалары паразиттік сырқаттанушылық пен жұқпалы аурулар диагностикасына қатысады. Санитарлық-гигиеналық, радиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зертханалық зерттеулер қызметін атқарып, осы орайда дыбыстың тербелуін, жарық, электромагнит өрістерін өлшеуді  және адамдардың тіршілік ортасындағы  басқа да факторларды анықтайды.

Филиал  тағам өнімдерін, құрылыс материалдарын, балалар ойыншықтарын, ауыз сулар мен ағынды суларды, сондай-ақ парфюмерлік-косметикалық  өнімдерді жіті тексеретін терең модернизациядан өткен зертханалық  құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, мекемелерге өндірістік бақылаулар жүргізіліп, жұмыс орнын аттестациялау бойынша қызмет көрсетеді.

Мекеменің ойдағыдай қызмет көрсетуі үшін, әрине, білгір мамандармен қоса, заманауи жабдықталған зертханалар қажет. Филиалдағы  санитарлық-гигиеналық зертханасында тағам, еңбек, коммуналды гигиеналары,  полимерлік материалдар  және басқа да химиялық  заттар токсикологиясы, шұғыл зерттеулер мен пестицидтер  токсикологиясы зертханалық бөлімшелері бар.  Жеміс–жидектердің құрамындағы зиянды заттарды (уытты элементтерді) – қорғасын, күшән, кадмий, сынап элементтерін, вольтамперометриялық және атомдық-абсорбциялық әдістермен СТА анализаторында, атомдық-абсорбциялық спектрометрде, Юлия анализаторында анықталады. Сонымен қатар,   балалар ойыншықтарында  ауыр металдардың ( қорғасын,  кадмий, мырыш, хром) болу  болмауын  30 минуттың ішінде  зерттеп,    нәтижесін  бірден алуға  мүмкіндік бар. Өткен жылы Алматы  қаласында «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, 413  зерттеу жүргізіп,  оның ішінде  309 сынама, сүт майын өсімдік майларымен фальсификациялауда сүт және май өнімдеріне,  ұнды фортификациялауда  кей сынамалар  сәйкес келмеді.

Бактериология зертханасына сынама алу актісі бекітілген есептік формада және сынама туралы ақпарат толық болуы қажет. Зертханаға түскен сынамалар қандай зерттеу түріне әкелінгендігіне байланысты сұрыпталынып, әдістемелік құжаттарға сәйкес зерттеу толық жүргізіледі. Бактериология зертханасы ішек жұқпаларының қоздырғыштарына, ауыз суларға,  жүзу хауыздарының сулары мен ашық су қоймаларындағы суларға, ЕПҰ зерттеу жүргізіп, шайындылар мен зарарсыздандыру  материалдарын алады. Сондай-ақ, бактериологтар тағам өнімдерінен: сальмонелла, стафилококк S.aureus,патогендік, оның ішінде  листерияларды L. Monocytogenes,  сынамалардың сәйкессіздіктері арасында ет өнімдерінен,ГМА (ет соясы, сүт соясы)- сынама, мал ДНК сынамалардан антибиотиктердің қалдық санын анықтайды.

Ағымдағы жылдың соңғы үш айы аралығында Алматы қалалық зертханасының базасында  малдардағы ДНК  құрамына 142  сәйкестендіру  зерттеулері жүргізіліп, оның ішінде  99  сынаманың   сәйкессіздігі анықталды. Сонымен,  ет қалбырының 77 сынамасынан еттің орнына   ДНК соясы табылды. Басқа да өнімдерден  шошқаның және тауықтын ДНК (шұжық өнімдері,  түшпаралар,  котлеттер,  жентектелген еттер) анықталды.  

Соңғы уақытта  жүкті болған әйелдер жиі листериоз ауруына шалдығып, түсік тастауда. Лестериозға шалдықпас үшін әйел адамдар бала көтеру бойына қанды серологияға өткізуі тиіс және де олардан бактериологиялық жолмен: тамбрион жұғындысын, зәр, нәжіс, қынаптан жағынды алынады. Осы шаралардың бәрін біздің филиалдағы Аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасы жүргізеді. Бүгінде жұқпалы аурулардың таралуына бірден бір себеп болатын вирустарды зерттеуге көп мән берілуде.

Қоршаған ортаның радиациялық жағдайы мен сәулелену деңгейін анықтайтын Радиология зертханасы тұрақты түрде бақылаулар жасап отырады. Бұнда радиациялық қауіпсіздікке, атап айтқанда, азық-түлік пен шикізат өнімдеріне, ауыз су мен су қоймаларына, құрылыс және жол құрылысы материалдарына, дәрі-дәрмек шикізаттарына, ағаш өңдеу өнімдеріне, жанармай шикізаттарына, минералды тыңайтқыштар мен радиоактивті өндіріс қалдықтарына, қорыту және қайта өңдеу кезіндегі қара металл сынықтарына, арнайы көліктер мен құрал-жабдықтардың радиоактивті ластануына бақылау жасалады.

Сонымен қатар, біз гамма-сәулелену дозасының тұрғын үйлер мен өндіріс орындары аумағында, өндірістік, қоғамдық мекемелерінде,  радиофармпрепараттарды қолданатын медициналық мекемелерде, рентген-диагностика бөлмелерінде, емшара кезінде емделушілерге әсер ететін дозалық мөлшері бар кабинеттердегі қуатқа өлшеулер жүргізіліп, ластанған беттердегі альфа мен бета бөлшектерінің ағынын анықтаймыз.

Вирусология зертханасының мамандары тұрғындар арасындағы жұқпалы ауруларды анықтау жолында қызмет етуде. Қан үлгілері бұл зертханаға қалалық емханалар мен жұқпалы аурулар ауруханасынан  жеткізіледі. Алғашқы өңдеу жұмыстарынан кейін  мамандар  полемераздық тізбек реакциясының талдау әдісімен зерттеулер жасайды. Зерттеу нәтижелері  сол күні беріледі.

Қазіргі таңда, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалында 6 зертхана, 9 зертханалық бөлімше, 5 аудандық бөлімшесі бар. Филиал ISO 17025 халықаралық стандартқа сәйкес аккредиттелген.

Бүгінгі күні, тағам өнімдеріне,  суларға,  атмосфералық ауаға және  жұмыс орнының ауасына, ойыншықтарға,  бактериялық және вирустық жұқпаларға (ЖІВЖ, тұмау, қызылша, қызамық, гепатиттер, менингит және ішек жұқпалары) және т.б. заманауи  құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген зертханалар  сапалы сараптамалар мен талдаулар жүргізуге  мүмкіндіктер жеткілікті.

Сонымен қатар, жақында филиалда жоғары технологиялық зерттеулер  зертханасы құрылды. Бұл зертхана сезімталдығы жоғары құралдармен жабдықталып, тағам өнімдеріне неғұрлым тереңдетілген жоғары дәлдіктегі  зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Санат Саптаев 

ҚР ДСМ ҚДСК 

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК

Алматы қаласы бойынша филиалының

директоры